top of page

«Латын әліпбиіне көшу-әлемдік үдеріске жақындау»

Сакен Сейфуллин атындағы кенттік кітапханада мәдениет үйінің ұжымымен бірлесіп ҚР тілдер мерекесіне арналған «Латын әліпбиіне көшу-әлемдік үдеріске жақындау» атты дөнгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстелге Жарық жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері мен арнайы мектеп директорының рұсатымен 9 сынып оқушылары қатысты.

Іс- шараны жүргізушілер : Марбек Гүлназ. Сержан Бауыржан келген қонақтарды тілдер мерекесімен құттықтап, Әнұран орындалды. Арнайы бүгінгі мерекелік іс – шараға шақыртылған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Балғабекова Жанна Төлеуғазина мерекелік іс шараны құттықтап ашса, Мәдениет үйінің меңгерушісі Р. З. Орымбаева келген қонақтарды мерекемен құттықтап, келген қонақтарға өзінің ой пікірін латын әліпбиіне көшу, Сонау Тәуелсіздік таңынан бастап, біз бұл мәселеге ерекше дайындалдық. Енді міне, сындарлы шақ туғанда халықымыз үшін, оның ең асыл қазынасы тіліміз үшін аса өзекті жұмысты жұмыла атқарудың бастауында тұрмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көрсетілген Жаңа әліпби көпшілік, зиялы қауым, сарапшылар айтып жатқандай жаңғырудың ең маңызды алғышарттарының бірі.

Дәуір сұраныстарынан, замана қажеттілігінен және келешегіміздің қамына орай әлем халқының жартысынан астамы қолданатын, қазіргі кезеңде шын мәніндегі халықаралық әліпбиге айналған латынға көшу Елбасы айтқандай, терең логикасы бар маңызды қадам.

Латын әліпбиіне өтуіміз керек – ол анық дүние. Мен бұл бастаманы қол­дай­мын.

Біз ол арқы­лы түркі тілдес халық­тарға бір қадам жақын­даймыз. Түркі ха­лық­тарының мәде­ниеті, сөздік құ­рамы латын әліпбиінде жазыл­­ған­дықтан, оларды зерт­теу­ де оңайға түседі. Түп негі­зін­де латын әліпбиіне көшу – түр­­кі тілдес бауыр­лармен толық ынты­мақтастық орнатумен тең. Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы "Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес", - деген, деп сөз түйінін түйіндесе, кент кітапхансының менгерушісі Иксанова Айжан шарамызға қатысқан қатысушыларға латын әліпбиіне көшу туралы сауалнама жүргізді. Сауалнама көпшіліктің көңілінен шықса , «Латын әліпбиі уақыт талабы» атты кітап көрмесін , кітапханашы Абеуова Айнұр көрермендерге таныстырды.

Кешімізді қортылдылай келе, Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз.

Іс – шарамызға келген қонақтарымыз бен көрермендеріміздің көңілінен шығып, оң көз қарастарын білдірді.


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page