top of page
Поиск

Жайнай бер-Қазақстан!

  • Абеуова А
  • 21 окт. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

Сәкен Сейфуллин атындағы кенттік мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай "Жайнай бер-Қазақстан!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

"Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.

Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

" Жайнай бер-Қазақстан! "кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасу туралы әдебиеттері, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.


https://www.instagram.com/p/CkBWqJHs4F7/

 
 
 

Comments


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page