Құқықтық сауаттылық
Сәкен Сейфуллин атындағы кент кітапханасында кентіміздің участілік көмекшісі полиция лейтенанты Акижанов Мардан Жанболатұлының қатысуымен оқырмандардың құқықтық білімдері және қылмыстық әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында "Құқықтық сауаттылық" тақырыбында арт-кездесу кеші өтті. Баяндама оқып, кәмелет жасына толмаған балалар арасында құқықтық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтын алдын алу, зорлық зомбылық бағытында ақпараттық білімен қамтамасыз ету шараларын өткізді.
Оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдалану, сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатысу, интернет желісінің зиянды жақтары туралы ақпарат беріліп, түнгі беймезгіл жүріс тағы басқа да тиым салынған орындарда жүрмеуі ескертілді.
Сұқбаттың соныңда оқырмандар өз сауалдарына жауаптар алды.
https://www.instagram.com/p/CmJN4d3MrHX/
Comments