top of page

Ағып өткен ғұмыр

Сәттар Ерубаевтың 105 жылдығына орай «Ағып өткен ғұмыр» атты ауызша журнал кітапханамыздың «Заманай» әдеби-көркем қызығушылық клубының оқырмандардың қатысуымен өткізілді. Сәттар Ерубаев – қазақ жерінің көрнекті тұлғасы, дарынды жазушысы, атақты журналист, аз ғана болса да, аса қымбат әдеби мұрасын қалдырды.

Іс-шарамыздың мақсаты: Жасындай жарқ еткен қысқа ғұмырында артында өшпес мұра қалдырған, қазақтың біртуар талантты ұлы Сәттар Ерубаев өмірі мен шығармашылығы туралы оқырмандарға мағлұмат беру, өнегелі үлгі ету.Өткізілген ауызша журнал 2 беттен тұрады. Біріншісі- «Сәттар Ерубаевтың өмірбаяны» мұнда оқырмандар жазушының өмірімен тереңнен танысты, екіншісі «Сәттар Ерубаевтың шығармашылығы» оқырмандар шығармашылығымен танысып үзінді өлендерін оқып шықты.

Ауызша журналдың соңында «Қазақтың Сәттары» атты кітап көрмесімен таныстырылып, жаднама таратылды.

Сәттар Ерубаевтың қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары- балладалыры, новеллары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді.


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page