Мерекең құтты болсын, Аяулы Ана
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдырет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Аналар мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандар залында «Мерекең құтты болсын, Аяулы Ана» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешімізге сай оқырман залы безендіріліп, «Ана бәйтерегі өмірдің» атты жаднамасы ұйымдастырылып, таратылды. Кешіміздің қонағы болып абзал жанды аналар, қызметкерлер мен аяулы арулар қатысты. Кешіміздің барысында Мұқағали Мақатаевтың «Ана» өлеңі оқылып, салтанатты түрде ашылды. Мерекелік кездесу кешінде Мәдениет үйінің меңгерушісі Орымбаева Ризагул Замирбековна айтулы мерекемен құттықтап, кешімізідің қонақтарына жүрек жарды тілегін арнады. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар,аяулы арулар тақырыбында болды. Кешіміз өз мәнінде өтіп, қонақтарымыз жақсы көңіл күймен тарқасты.