Кітапхана-әлем қызығы
Көктемнің әр күні мереке, әр күні қуанышқа толы екені рас-ақ. Әсіресе, мұндай мерекелер балалар үшін ерекше есте қалары сөзсіз. Осындай бір ерекше, әрі өзге мерекелерге ұқсамайтын, сыйпаты бөлек қуанышты күн – халықаралық балалар кітап күні. Осы айтулы күні Сәкен Сейфуллин атындағы кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханаға саяхат өткізілді. Балаларға арналған кітап күннің негізгі мақсаты балаларды оқу гигиенасына дағдыландыру, кітапты күтіп ұстауға, оны дұрыс таңдауға, кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу. Шара барысында кішкентай оқырмандарымыз «Көңілді пойызбен» кітапхананың бірнеше аялдамасына саяхат жасады. Бірінші аялдама «Кітаптар әлемі». Бұл аялдамада оқушыларға кітапхананың жалпы кітап қоры жайында мәлімет бірілді. Кітаптың тұратын жері, яғни үйімен кітап сақтау бөлімімен танысты. Екінші аялдама «Балдырған». Бұл аялдамада оқушылар «Абонемент» бөлімімен танысса, оны қалай пайдалануға болатыны жайында білді. Келесі аялдама «Кітап оқу». Бұл аялдамада оқушылар «Оқу залымен» танысты. Бұл бөлімде оқушылар балаларға арналған энциклопедиялар мен сөздіктер және балаларға арналған мерзімді басылымдарды алып оқуға, ал үйге кітап берілмейтіні жайында білді.Саяхат жасап қызықтап қелген балалар «Кітап-тарих шежіресі» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты. Кітап көрмесі 3 бөлімді құрады. 1 бөлім «Ертегілер елінде» деп аталса, бұл бөлімде балаларға арнайы ақын ағалары мен апайлары жазған ертегілерді ұсындық. 2 бөлім «Қызықты әңгімелер» деп аталды. Мағынасы кең , әрі қызықты оқиғаларға бай әңгіме кітаптар қойылды. Келесі бөлім «Балақайға арналған журналдар» деп аталды. Мұнда оқушылар өздерінің жас ерекшіліктеріне сай мерзімді басылымдармен танысты. Саяхат жасап шаршаған кішкентай оқырмандарымызды сергіту мақсатында, ертегі желісі бойынша «Ол қандай кейіпкер» ойының ойнадық. Шара соңында кітапханашы апай кітапхана ережесі жайында оқушыларға түсіндірді.Осылайша кітапханамыз, кітаптар әлемінің сиқырлы қазынасын пайдаланатын жас оқырмандарымызбен толықты.