top of page

Шексіз ғарыш әлемі

  • 4 апр. 2019 г.
  • 1 мин. чтения

Сәкен Сейфуллин кентінің кітапханасында 2019 жылдың сәуір айының 12 жұлдызында оқырман балалармен 12 сәуір — Ғарышкерлер күні жас ұрпақтың отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында №136 ЖЖОББ мектептің 4 сынып оқушыларына «Шексіз ғарыш әлемі» атты танымдық-ойын бағдарламасын өткіздік. Оқу залында балалар назарына кітапхана қорынан «Ғарышқа саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.

Ғарышкерлер күні – қашанда жарқын әрі есте қалатын оқиға. Ерте заманнан планеталар мен жұлдыздардың жұмбақ әлемі адамдардын назарын өздеріне тартатын. Балалар да ғарыштың жұмбақ сырларын білуге құмартады. Кітапханашы балаларды әлемдегі тұңғыш ғарышкер – Юрий Гагариннің өмірімен және қызметімен, жалпы ғарыш тарихымен, Қазақстанның бірінші ғарышкері – Тоқтар Әубәкіровпен және Ғарыш — айлағы Байқоңырмен таныстырып өтті.

Шара барысында балалар ойын түрінде екі топқа бөлініп сұрақтар арқылы зымыран мен ғарышкер құрастырды.

Шара кітап көрмесі бойынша шолумен аяқталды. Оған 10 бала қатысты.


 
 
 

Комментарии


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page