Кемелдік кілті кітапта
23 сәуір кітапхананың оқу залында 4 сынып оқушыларына кітап күніне арналған ауызша журнал өткізілді. «Кітап-рухани құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің жаны шараға сай безендірілді. Ауызша журнал «Кемелділік кілті-кітапта» тақырыбымен ашылды. Шарамыздың мақсаты оқушыларды кітап және кітапхана тарихымен таныстыру, кітаптарды насихаттау, кітапқа деген қызығушы-
лықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету болып табылды. Журналдың алғашқы бетінде кітап және кітапхана тарихына шолу жүргізіліп, оқушылар біраз мәлімет алды. Келесі беті «Кітап білім бұлағы» әдеби монтаж деп аталынды. Бұл бетте оқушылар кітапқа арналған өлең шумақтарын мәңерлеп оқыды. Тіл байлығын дамытқан оқушылар Аружан мен Динараның « Мереке» әнін тыңдады. Журналымыздың үшінші бетінде кітаптың пайдасы туралы сөз қозғалды. Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Келесі журналымыздың беті кітап туралы мақал-мәтел жарысына арналды. Жарысымыздың соңында кітапхана ережесі мен кітапты қалай пайдалану керектігі жайында сөз қозғалды. Журналымыздың соңғы бетінде рухани байлық ордасы кітапхана жайлы біраз ақпарат оқырмандар тарапынан айтылды. Журналымыздың соңына қарай «Кітап-рухани құндылық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Ауызша журналымызды ақынымыз Қ.Нақысбековтың өлең шумақтарымен аяқтап, ізгі тілектерімізді білдірдік. Кітапхана ілім-білім жыйнаймын деген адамның құтты мекені болып қала бермек.
Қатысқан 15 оқырман.