Ел тірегі-татулық
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орайластыра «Ел тірегі-татулық»
тақырыбында мамырдың 2-сі күні мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шара бірлік күніне арналған өлең шумақтарын оқумен басталды.Шара жастарды бірлікке, ынтымақтастыққа, бір тудың астында бірнеше ұлт өкілдерімен тұрып, достық қарым — қатынасты нығайтуға бағытталды. ЖЖОББ мектебінің 5-6 сынып оқушылары қатысып, өздері дайындаған әр ұлт өкілдерінің биімен , қолдарынан келгенше барлық ұлттардың сәлемдесуін, биін көрсетіп өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Шара барысыңда Ж. Молдағалиевтың «Мен қазақпын» өлеңі оқылып, Хормен «Атамекен» өлеңі орындалды.Мерекелік кешке мектеп оқушылары, ата-әжелердің қатысуымен әуенді достық кешіне айналды.
Кеш соңында оқырмандар «Болашағымыз-бірлікте!» тақырыптық сөремен танысты.
