top of page

"Қарулы күш-ел қорғаны", "Жеңістің 74-ші көктемі"

Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келетін айтулы мереке Отанымыздың тыныштығын сақтап, қырғыйдай қорғап жүрген ер азаматтарымызды құрметтеу күні болса , бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымызды еске алу күні, яғни Ұлы Жеңіс күні! Тарих беттерінде суық атпен таңбаланған соғыс ардагерлерін ардақтап, олардың ерліктерін дәріптеу мақсатындағы салтанатты іс-шарада мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, өмірден өткен майдангерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алысты. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы тарихында аты аңызға айналған қазақтың батыр қызы, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі жайында ақпарат берілді. Бүгін еліміз Әлияның рухына тағзым етіп, осы мерекені тойлауда.

Өнерпаз оқырмандарымыздың тарапынан патриоттық би биленіп, әндер шырқалды. Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ, қаншалықты алыстағанымен ешқашан да көңілдерден кетіп, жүректерден өшпек емес.


 
Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page