Ақын өмірінің соңғы кезі
Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай «Ақын өмірінің соңғы кезі» атты танымдық сағат кітапханамыздың клуб мүшелері мен тұрақты оқырмандардың қатысуымен өткізілді. Іс-шарамыздың мақсаты: «Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандар арасында насихаттау . Ақынның халқы үшін жасаған еңбектерінің маңыздылығын ұғындыру, шығармаларын тақырыбы мен идеясын ашу.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында баяндама оқылып, оқырмандар назарына ақынның қыл қаламынан туған «Жолдастар» романы, «Құлагер» поэмасы,өлендер жинағы, ақын туралы деректер кітаптары қойылған көрме ұсынылды. Ақынның өмірінің соңғы кезі жайында тың деректер оқылып,қорытындай келе Жансүгіров қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етіп, жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

