Біз өмірдің гүліміз
Маусым айының 3 күні Сәкен Сейфуллин атындағы кінттік кітапхана ЖЖОББ мектебінде ұйымдастырылған «Күн шуақ» жазғы тынығу лагерімен бірлесе балаларды қорғау күніне орай «Біз- өмірдің гүліміз» атты ертеңгілік өтті.
1 маусым – Балалық шақтың ең басты мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар келетін жаздың бірінші күні. Бұл күннің басты идеясы – қоғамды балаларға қамқорлық, ерекше көңіл аудару керектігін, айқын, түсінікті нәрселер жөнінде ескерту. Барлық ересек тұрғындар әр күні, әр сағат, әр минут сайын балалардың қамын ойлаулары қажет. Өйткені балалар – біздің болашағымыз, ал бақытты балалар – бақытты болашақ, Дүниежүзілік балаларды қорғау күні Қазақстанда да бүкіл әлемдегі секілді атап өтіледі.
Ертеңгілік ЖЖОББ мектебінің 0-1 оқушылармен ата-аналары келіп қатысты. Ертеңгілік Шариз Арайлы мен Ермек Аружан «Туған жер» әңімен басталып.Балалармен «Алтын қақпа» ойының ұйымдастырылып, ойынның шарты балаларды екі топқа бөліп сайыс өткіздік, ойын үш қақпаға бөлінеді:тас қақпа, күміс қақпа,алтын қақпа.Сұрақтарға тез және дұрыс жауап берген топқа қақпаның есігі ашылып жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Қатысқан оқырмандарға , көрермендерге «Бала бар елдің бағы» атты жаднама таратылды.

