top of page

Рәміздер-ел мақтанышы

  • 6 июн. 2019 г.
  • 1 мин. чтения

Мемлекеттік рәміздер – егемендікті бейнелейтін кез келген мемлекеттің ажырамас ерекше белгісі. Осы мерекенің қарсаңында Сәкен Сейфуллин атындағы кенттік кітапханасында мектеп оқушылары, үшін «Рәміздер-ел мақтанышы» танымдық сағаты өтті. Осы іс-шара балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін талдап қорытуға, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін сыйлауға, еліміздің тарихи өткені мен халықтарының дәстүрлерін сыйлауға, оларға ұқыпты қарауға үйретуге, жоғары қазақстандық патриоттылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беруге, белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге арналған.

Танымдық сағат Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды, осылайша іс-шараға қатысушылардың патриоттық рухы көтерілді. Іс-шара қазақ тілінде өтті. Сағаттың жүргізушісі қатысушыларға еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы мен қабылдану тарихын егжей-тегжей біле отыра, мемлекеттік рәміздер әлеміне саяхат жасауға ұсынды. Жүргізушінің сөзі әрбір рәміз туралы «Елдіктің белгісі-Рәміздер» атты кітап көрмесімен сүйемелденді. Келген қонақтар мемлекеттік рәміздердің қалыптасуымен, рәміздердің атрибутикасы элементтерін және олардың мағынасын білумен байланысты «Өз елінің рәміздерін білесің бе?» мен сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысты.Оқушылар талқылаудан кейін еліміздің мемлекеттік рәміздерін сақтауға және бағалауға сөз берді.

Оқушылар сағаттың барысында әрбір беті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, астанаға және еліміздің қалаларына, табиғи ресурстарға, көрікті жерлерге және т.б. арналған «Отаным – Қазақстан» атты керемет кітаппен танысты. Іс-шара Алмас Ахметбековтың «Көк тудың желбірегені» әнін орындаумен аяқталды.


 
 
 

Комментарии


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page