Астана-елімнің жүрегі
Астана –халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзетіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда егіз ұғым.
Астана күніне орай шілде айының 5 күні Сәкен Сейфуллин атындағы кенттік кітапханасында «Астана елімнің –жүрегі» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке ЖЖОББ мектебінің 7-8 сынып оқушылары мен мәдениет үйінің қызметкерлері келіп қатысты. Мерекелік кеште жүргізуші, тәуелсіз еліміздің перзенті- Нұрсұлтан қаласы ай өткен сайын айбаттанып, жылдар өткен сайын сұлуланып, халқымыздың аялы алақаны, ыстық мейірімі,тәуелсіз еліміздің ел бесігі жыл өкен сайын еңсесін биіктетіп аз уақыттың ішінде танымастай өзгергенін айтты.
Кеш барысында оқырмандар және қадірменді қонақтарға Нұрсұлтан қаласы туралы сұрақтар қойылды. Астана күніне орай «Ардақты елім – Астанам» атты кітап көрмесі ұсынылып, көрмеде еліміздін бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескерткіштері мен сәулет ғимараттар туралы мәлімет берілді.
Кеш сонында мәдениет үйінің және кітапхана қызметкерлерінің көркем өнерпаздарының орындауында Астана туралы әндер мен билер биленіп, көрермендерге есте кетпес кеш сыйлады.