top of page

Алғыс-ризалық сезімі

1 наурыз «Алғыс айту күні» – Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Кең-байтақ елімізде үлкен қуанышпен атап өтілетін осы айтулы мерекеге орай «Алғыс-ризалық сезімі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Кешке ұстаздар, оқушылар және кітапхананың тұрақты оқырмандары жиналды.

Осындай айтулы мерекені ерекше көңіл күймен қарсы алған кеш қонақтары ақындардың жырын оқыды. «Динар» би үйірмесінің бишілері «Шаттық» биін билеп, көпшіліктің көзайымына айналды. Мерекелік кешке келген оқушылармызға сұрақ қойылып, қабырғаға ілінген жүрек афишасын әдемі сөздер жазылған жүректермен толтырды. Бастысы-алғыс айта білу. Шарамыздың соңына қарай «Алғыс-сөздің асылы» атты кітап көрмесін насихаттау жұмысын Абеуова Айнур Армиевна жүргізді. Кітапханадағы алғыс айту күні өте көңілді де, қызықты өтті.


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page