top of page

Денсаулық-өмір негізі

7-ші қыркүйек –денсаулық күні. Осыған орай салауаттылық бағытында шара өтті. Сәкен Сейфуллин кенттік кітапханасында өткен «Денсаулық өмір негізі» атты денсаулық сағаты осыған бағытталған. Өмір - адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді, бақытты өмір сүруінің негізі, қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі - адам денсаулығы. Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ. Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын ұрпақтарымыз бақытты ғұмыр кешуі үшін ең алдымен дені сау болуы тиіс. Шара оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау мақсатында өтті. Балалар «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбындағы викториналық «Адамның басты байлығы не?», «Тазалықты сақтау туралы ғылымды не дейді?», «Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?» деген көптеген сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап берді. «Мейірімді сөздер» ойының балалармен щеңбер құрып, допты лақтыру арқылы , бір-біріне мейірімді сөздер айтып, ойнадық. Соңында денсаулыққа пайдалы кеңестер беріліп, салауатты өмір салтын ұстануға байланысты спорт, дұрыс тамақтану туралы кітаптарға шолу жасалды.


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page