top of page

Домбыра-асыл мұра

Шілде айының 1-де Сәкен Сейфуллин атындағы кенттік кітапханасында « Домбыра-асыл мұра» атты әңгіме өткізілді. Әңгіме биыл екінші жыл тойланып отырған домбыра күніне арналды. ҚР бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев әр жылдық шілде айының бірінші жексенбісі домбыра күні деп жариялаған болатын. Әңгіменің мақсаты домбыра аспабының құрылымы, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән-күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру,оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап, ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылды.

Әңгімеге ЖЖОББ мектебінің 5-6 сынып оқушылары мен ауылымыздың зейнеткерлері келіп қатысты. Шара барысында қасиетті домбыраның шығу тарихы мен домбыра туралы аңыз оқылды. Оқырмандар домбыраның құрылымы, домбыраның түрлері, неден жасалып, қалай сақтау керек екені жайында айта кетті. Оқырмандар «Динар» би тобының «Домбыра» биін тамашалады. Келесі кезекте Құрманғазы атамыздың Исатай мен Махамбетке арналған «Кішкентай» күйі ойналып, оқырмандарға сұрақ қойылды. «Көкейкесті» атты күйді нашықына келтіріп Қанат Айбек орындап берді. Домбыра аспабы атадан қалған мирас , асыл мұра. Домбыра туралы тың деректер «Домбыраның қоңыр үні» тақырыбындағы тақырыптық папкаға жыйналып, оқырмандар назарына ұсынылып,насихатталды.


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page