Қазақ тарихының әдеби суреткері-Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин – ХХ ғасырдағы қазақ халқына өзінің төл тарихын қайтарып беру жолындағы зиялы күрескерлердің бірі де бірегейі. Ол кеңестік ұлтсыздану заманында қазақ халқының рухын көтеремін, мерейін өсіремін деген ұлы мақсаттар жолында басын бәйгіге тігіп, аянбай еңбек еткен қайталанбас қайсар тұлға. Қазақ хандығының ең соңғы тұяқ серпер мұрагері Кенесары хан бастаған ұлт –азаттық көтерілістің объективтік тарихы мен оның әдеби суретін романдарға түсірген «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» кітаптары – жүрегі ұлт деп соққан әрбір қазақтың аса қымбат дүние -мүлкі. Осы екі еңбек арқылы қазақ халқы есін жиып, етегін жауып, отарлық ұйқыдан оянып, өзінің тәуелсіздік жолындағы ұлы күресінің жаңа бетін ашты.
Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихы төрінен орын алатын дара тұлға- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан екен. Осы орайда Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай кітапханамыздың оқырман залында дара тұлға арналған «Қазақ -тарихының әдеби суреткері-Ілияс Есенберлин» тақырыбында танымдық сағат 7-9 сынып оқушылары арасында өткізілді. Оқушыларға жазушының өмірінен сыр шертіліп, бейнежазбадан үзінділер көрсетілді. Оқушылар арасында викториналық сұрақтар қойылды. Шара соңында кітапхана қорында бар жазушының еңбектерімен танысты. Барлық оқырмандар шарадан рухани нәр алып тарқасты.