top of page

Абаймен кемел білімге

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Сәкен Сейфуллин атындағы кенттік кітапханасында «Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар өтті. Шара барысында Қасым Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан үзінді оқылып, мың бұралған «Динар» би тобының қыздары «Домбыра» биін билеп, көрермендердің көз айымына айналды. Қазақтың ұлы тұлғасы Абай тағылымын жастардың санасына сіңіру, оның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу мақсатында өткен кеште «Абай» филімінің желісінен алынған «Біржан сал Абай ауылында» атты қойылымын тамашалады. Кеш қонақтарын Абайдың саралы сөздерімен сусындатып, әсем әні мен тәтті күйін арнаған бұл кеш көрермендерге өмірлік рухани азық боларлықтай өнер көрсетті. Ал көрермен өздерінің көңіл – күйі мен тоқтаусыз соққан қошеметтері арқылы қойылымның өз бағасын берді.

Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Осы ретте мектеп оқушылары Мархабатқызы Дилназ «Әсемпаз болма әрнеге», Қуатжан Аружан «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» , Марбекқызы Динара «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» ақыннның бірқатар өлеңдерін мәңерлеп, жатқа оқыды. Абай атамызға арналған «Кемел ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесін кітапханымыздың кітапханашысы Абеуова Айнур Армиевна таныстырып, шолу жасады.

Кеш соңында Абай атамыздың әлемге танылған «Көзімнің қарасы» әні шырқалды. Шараға мәдениет үйінің қызметкерлері,ұстаздар және 7-8 сынып оқушылары келіп қатысты. Шара көптің көңілінен шығып, көпшілік қауымға мол тағылым берген кеш болды.






Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page