Оқырманға мың алғыс!
2016 жылдан бастап Қазақстан мемлекетінде, ресми түрде 1 наурыз – Алғыс айту күні жарияланды. Мерекенің негізгі мақсаты балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Осы атаулы күнінде Сәкен Сейфуллин атындағы кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқырманға мың алғыс» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шара барасында мерекенің маңыздылығы жайында ақпарат беріліп, «Қазақстан бақыты» әнін Марбек Динара орындады. Оқырмандарға сұрақтар қойылып, өз ойларын ортаға салды.
Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен бастау алған челенджі Дәрия кенттік кітаханасынан қабыл алып, Шет аудандық балалар кітапханасына жолдадық. Біздің кітапхана осы мерекеге орай ЖЖОББ мектебінің жанынан құралған еріктілер тобы 12 айда 12 жақсылық атты марафонға өз үлесімізді қосып, кітапханамыздың тұрақты оқырмандарына өз алғымызды білдіре отырып, сыйлықтар үйлестірдік. Шара соңында оқырмандарымыз «Динар» би тобының орындауында «Үнді» биін тамашалады. Оқырмандарымызға көңілді тамаша күй сыйлағандарымыз үшін кеш қонақтары өз алғыстарын айтып, тарқасты.