"Nauryz art"
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы ең ежелгі мерекелердің бірі. Жыл басы Наурызды тойлау атадан қалыптасқан дәстүр бойынша жүзеге асады.Сәкен Сейфуллин атындағы кент кітапханасында «Nauryz art» қолөнер байқауы ұйымдастырылды. Шара барысында келушілер әдеби-музыкалық қонақжайында мерекелік дастарханнан дәм татып, өнерпаздардың қазақтың ұлттық салт-дәстүріне арналған қойылымдарын көрді. Бейқам балалық шақтарын еске алып, ұлттық ойындар ойнады. Сондай-ақ «Әдемі-ай» үйірмесінің қыздары өз қолдарымен жасап әкелген бұйымдарынан «Қолөнер қазақтың қазынасы» тақырыбында ұйымдастырлған қолөнер көрмесін тамашалап, шеберлермен бірге бұйымдар жасады. «Ұлттық стиль – жақұтымыз» ұлттық костюмдердің арт-дефилесінде соңғы үлгімен жасалған қазақтың ұлттық киімдері мерекеге ерекше сән берді.
Сылкасы:https://www.instagram.com/p/CbO1gxGNje8/
Comentarios