top of page
Поиск

Болашаққа кітаппен

  • Абеуова А
  • 20 июл. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

Cәкен Сейфуллин атындағы кент кітапханасының ұйымдастырумен “Балалар жылына” орай "Болашаққа кітаппен" танымдық сағаты өткізілді.

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхананың жазғы оқу бағдарламасы жоспарына сай, Сәкен Сейфуллин атындағы кент мәдениет үйінің саябағында "Болшаққа кітаппен" тақырыбында қызықты шара өтті. Таза ауада кітап оқу пайдалы әрі қызықты. Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында әртүрлі викториналық, "Білгенге-маржан" мақал-мәтел сайысы, сөз жұмбақ, "Кім жанылыспайды" ойындарында өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.

Оқырман назарына қазіргі таңда танымал балалар авторларының шығармалары, ертегілер, кітапшалар, балаларға арналған танымдық анықтамалар, балалар журналдары ұсынылды.

Көрмедегі түрлі-түсті кітаптар балдырғандарға айрықша ұнап, кітапханашы әр кітапқа қызықты шолу жасады. Осы көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдарды орындықта,көғалда отырып оқуна жағдайлар жасалынды. Оқырмандар тамаша табиғат әлеміне саяхат жасап, әдеби кейіпкерлермен ертегі әлемінде болып, өз ойларымен бөлісіп, ілтипаттарын танытты. Балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, жазғы демалыстарын көңілді ұйымдастырып, қордағы әдебиеттерімізді насихаттау мақсатында әлі де жұмыстар жалғаса береді.

https://www.instagram.com/p/CgO2ZGfs02H/

 
 
 

Comments


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page