"Бір отбасы-бір халық"
«Бірлік болмай ,тірлік болмас» деген дана халқымыз.Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік ,ел іші тату тірлік» қағидасын ұстаған ел үшін бұл мейрамының орны ерек. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр.Осы мерекеге орай Сәкен Сейфуллин атындағы кент кітапханасында «Бір отбасы-бір халық» атты рухани сағат өткізілді. Оқырмандарымыз әр ұлт өкілдерінің киімін киіп, өздерін қай ұлт екені туралы мағұлмат беріп, таныстырды. Шара барысында «Ди-Нар» би тобы өзбек биін билеп, оқырмандарды бір қуантты. Шара соңында балалар бірлік туралы өз ойларын ортаға салды. Шараға 4 оқушы қатысты.
Сылкасы:https://www.instagram.com/p/Cc_AwkJMjes/
Comments