top of page

Жасампаздық Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жария еткен Жолдауын Қазақстан халқы ерекше ықыласпен қабылдады.


Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін берді.


Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін айтты.


Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.



https://www.instagram.com/p/CJx8qXtpRTq/

Opmerkingen


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page