top of page

Туған өлке экологиясы

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Туған өлке экологиясы» экология сағаты өткізілді. Экология сағаты мәдениет үйінің артындағы саябақта өткізілді.

Қоршаған орта біздің ортақ үйіміз болғандықтан, оның байлығын үнемді пайдалану жолдарын қарастырады. Балалар жануарлар мен құстардың қайда мекендейтінін анықтауға арналған ойын мен жұмбақтарды шешуге қатысты. Олар бүгінгі шарадан өздері қоршаған ортаның бір бөлігі екенін білді, өйткені ауамен демалады, су ішеді, әр-түрлі азық-түліктерді қолданады. Тіпті қалай болса солай лақтырылған тұрмыстық қоқыстың өзі ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін.

Шара соңында кітапханада ұйымдастырылған «Табиғат-әсемдік экологиясы» атты кітап көрмесіндегі Қазақстанның Қызыл кітабын және әдемі безендірілген энциклопедияларды тамашалады. балалар табиғатқа жанашырлықпен қарау, оны ұқыпты пайдалану – әр адамның басты парызы деген қорытындыға келді.

https://www.instagram.com/p/CenJPqtDb-j/

Comments


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page