top of page

"Қасіретті тағдыр беттері"

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Қасіретті тағдыр беттері" атты ақпараттық бейне жазба ұсынамыз. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қазақ даласы қасіреттен қарс айырылардай қайысып жатты. «Голощекин геноцидінің» салдарынан бүтін бір халық елінен безді, жерінен жөңкіле көшті, мыңдап, миллиондап қырылды, көне дәуірлерден бастау алған тарихы бар жайсаң ел жер бетінен мүлде жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды. 1931-1933 жылдары қазақ халқы басынан өткерген аштықты бұрын-соңды тарих көрген емес еді. Бесжылдықтар мен коллективтендіру жылдарында елі жомарт, жері құт қазақ сахарасы аштан өлген ана мен баланың ағарған сүйегінен аяқ алып жүргісіз болып күңіреніске толды.

Тығырыққа тірелген қазақтар туған жерін тастап, жөңкіле көшті. 1930 жылы 121,2 мың адам , 1931 жылы 1 миллион 71 мың адам туған жерінен безіп кетті. Әлі күнге дейін 1931-1933 жылдардағы аштықта қазақ халқының қаншасы құрбан болғанын тап басып, дәл ешкім айта алмайды.

Ұлттың рухани бетке ұстар ұлдары – жазушылар мен ағартушылар: М.Дулатов, І. Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және басқалар түрмеде ажал сәтін күтіп жатты.



Comments


Таңдамалы
Жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page