Қолөнершілер әлемінің ханымы
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Әдемі-ай" үйірмесінің қыздары арасында шеберлік сабағы өткізілді. Іс шарамыздың қонағы болып, ауылымыздың қолөнер шебері Дәлелхан Өнербек ханым шақырылды. Ия, Өнербек ханымның – әлемі әдемі. Өзіндік дара болмысымен һәм сан қырлылығымен. Ешкімге ұқсамайтын даралығымен. Жүзінен ескен жылылығымен, жанарындағы мейірімділігімен. Өнербек ханым – қазақтың қолөнерін бойға сіңіріп, бүгіннің бар жаңалығын жанына дарыта білген дара шебер. Шара барысында Өнербек ханым жылы лебізін білдіріп, "Әдемі-ай" үйірмесінің қыздарына түрлі түсті қағаздан гүл жасаудың шеберлік сабағын жүргізді. Қолөнер әлемі – сан қырлы. Өнербек ханым қолынан шыққан әр бұйымды көргенімізде ол кісінің қолөнердегі қажырлы еңбегіне тәнті болдық, қуандық та.
Әр адам өз өмірінің мүсіншісі. Біз оған Өнербек ханымның әлемін тани түскенде тағы бір мәрте көз жеткіздік.
https://www.instagram.com/p/CMM5d2oJjAR/
Kommentare